Алматы облысында мас ер адам көршісінің екі сиырын атып тастады

0
847

Полиция еш жерде тіркелмеген атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін де күдіктінің жауапқа тартылатынын айтты.


Алматы облысында мас ер адам көршісінің екі сиырын атып тастады

ERNUR.KZ. Удай мас 53 жастағы ер адам көршісінің екі сиырын атып өлтірді, деп жазады Zakon.kz.

Оқыс оқиға 13 қарашаға қараған түні Кербұлақ ауданы Шоқан ауылында тіркелген. Екі ауыл тұрғыны өздеріне тиесілі екі сиырды көршісі атып өлтіргенін айтып, соған қатысты шара қолдануды сұрап, полиция көмегіне жүгінді. Зардап шеккендерге келтірілген материалдық шығын 600 мың теңгеге бағаланды.
- Малды атып өлтіру фактісі расталды. 1966 жылғы ер адам мас күйінде "өз ауласына кіріп кетті" деген желеумен ИЖ-18 аңшы мылтығымен көршінің екі сиырын атып өлтірген. Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы, яғни "Жануарларға қатыгездік жасау" бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Полиция еш жерде тіркелмеген атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін де күдіктінің жауапқа тартылатынын айтты.