Алматы облысында оқушы TikTok-та лайк жинау үшін өзіне қол жұмсайтынын айтып, видео түсірген

0
626

Ауылдағы мектептердің біріндегі оқушы қыз кезекші офицермен сөйлесіп, ғимараттан құлап, өзіне қол жұмсауды шешкенін айтқан.


Алматы облысында оқушы TikTok-та лайк жинау үшін өзіне қол жұмсайтынын айтып, видео түсірген

ERNUR.KZ. Алматы облысында жасөспірім қыз TikTok-та лайк жинау үшін өзіне қол жұмсайтынын айтып, видео түсірген, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл дерек Іле ауданындағы полиция бөлімінде тіркелді. Жергілікті тәртіп сақшыларына 18 сәуірде суицид туралы хабар түскен. Ауылдағы мектептердің біріндегі оқушы қыз кезекші офицермен сөйлесіп, ғимараттан құлап, өзіне қол жұмсауды шешкенін айтқан.

Кезекші инспектор 13 жастағы оқушының бұл әрекетінің алдын алған. Ол оқиға орнына келіп, оқушыны райынан қайтарған. Артынша қыз ата-анасына жеткізілді. Полицейлер ата-анасымен сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Ал мектеп оқушысы болса шын мәнінде суицид жасау туралы ойы болмағанын айтқан. Ол сабаққа кешігіп қалып, екіқабатты ғимараттың шатырына шығып, полицияға өзіне қол жұмсайтынын айтқан. Ол барлық процесті телефонына түсіріп тұрған.

"Оқушы қыз жақсы отбасынан шыққан. Мектеп әкімшілігі де оқушыны тәртіпті екенін айтады. Ол мұндай әрекетке баруына себеп - барлық процесті видеоға түсіріп, оны TikTok-қа салып, көп лайк жинау болғанын айтты", - дейді Іле аудандық полиция өкілдері.