Алматы облысында Ресей азаматын аю талап өлтірді

0
951

1979 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы танысымен бірге Тентек көліне балық аулауға барған.


Алматы облысында Ресей азаматын аю талап өлтірді

ERNUR.KZ. Алматы облысының Алакөл ауданында жабайы аю Ресей азаматын ауыр жарақаттады: ер адам алған жарақатынан көз жұмды. Тентек көлінің жанында болған қайғылы оқиға туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

"1979 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы танысымен бірге Тентек көліне балық аулауға барған. Ер адам борсықты көріп қалып, тауға қарай соңынан қуған. Аздан соң оның айғайлаған дауысын естіп, таныстары көмекке барған. Олар дене жарақатын алған ер адамды тауып алған", - деді Алматы облысының баспасөз қызметі.

Зардап шеккен азаматқа көмекке барғандар оқиға орнынан аюдың тауға қарай қашып бара жатқанын көрген.

Таныстарының алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқанына қарамастан, ер адам көз жұмды.