Алматы облысында төтенше жағдайдан екі сантехник пен медициналық қызметкер қайтыс болды

0
1 142

Төтенше жағдай дүйсенбіде, 2 шілдеде түстен кейінгі уақытта Орталық аудандық аурухананың маңында болған.


Алматы облысында төтенше жағдайдан екі сантехник пен медициналық қызметкер қайтыс болды

ERNUR.KZ. Алматы облысы Шелек ауылында болған төтенше жағдайдан екі сантехник пен медициналық қызметкер қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Төтенше жағдай дүйсенбіде, 2 шілдеде түстен кейінгі уақытта Орталық аудандық аурухананың маңында болған. Жұмысшылар канализация құдығын тексеріп жатып, газға тұншығып қалған.

"Куәгерлердің айтуынша, бастапқыда құдыққа 1967 жылғы ер адам кіріп, құлап кеткен. Оны құдықтан алып шығу үшін 1969 жылғы ер адам кіріп, есінен танып қалған. Содан екі қызметкердің өмірін сақтап қалу үшін медициналық қызметкерлер құдыққа түскен. Бірақ олар өз бетінше шыға алмағандықтан құтқарушылар шақырылған.

Екі сантехник уланып қайтыс болды, ал медициналық қызметкерлер жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кейінірек қызметкерлердің бірінің ауруханада көз жұмғаны хабарланды.