Алматы облысында үш адам жарылғыш заттарды сатпақ болған

0
929

Қылмыстық топ ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрықталды.


Алматы облысында үш адам жарылғыш заттарды сатпақ болған

ERNUR.KZ. Алматы облысында үш адам жарылғыш заттарды сатпақ болған, - деп жазады Тengrinews.kz.

ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.

2019 жылғы 28 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық топтың үш қатысушысы "А", "Р" және "М" сегіз "РГД-5" граната жүйесін және оларға тоғыз тұтандырғышты өткізбекші болған кезінде ұсталды.

ҰҚКД сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.