Алматы облысында жоғалған жасөспірім Қызылордадан табылды

0
1 496

12 жастағы бала ата-әжесінің үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.


Алматы облысында жоғалған жасөспірім Қызылордадан табылды

ERNUR.KZ. Қызылордалық полицейлер Алматы облысында жоғалған жасөспірімді тапты, деп жазады Polisia.kz.

18 желтоқсанда сағат 15:30 шамасында Алматы облысының ПД Жамбыл аудандық полиция бөліміне Қарасай ауданының тұрғынынан 12 жастағы баласының Үшбұлақ ауылындағы ата-әжесінің үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны жөнінде хабарлама түскен.

Алматы облысының полицейлері жоғалған жасөспірім туралы бағдарды Қазақстанның барлық өңірлеріне, шекаралас аумақтардағы полиция бекеттеріне таратқан.

Алматылық әріптестерінен келіп түскен бағдар бойынша іздестіру жұмыстарын бастаған Қызылорда облысы Полиция департаментінің ювеналды полицейлері 21 желтоқсан күні кешкі сағат 20:45 шамасында Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесінің бойында ата-анасының еріп жүруінсіз жүрген бір жасөспірімді байқаған.

Тексеру барысында оның іздеуде жүрген жасөспірім екендігі белгілі болды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы Мурат Байназаров жасөспірімді Қызылорда облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды.

Қазіргі уақытта полицейлер жоғалған жасөспірімнің ата-анасымен хабарласып, олардың облыс орталығына келуін күтуде. Бұған қоса бұл оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда.