Жолдан табылған бала бойынша мән-жай анықталып жатыр.
ERNUR.KZ. Алматы облысында жолдан табылған балаға байланысты полиция пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Жолдан табылған бала бойынша мән-жай анықталып жатыр. Оның ата-анасына қолданылатын шара бойынша ақпарат беріледі», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін белгісіз ер азамат жолдың бойынан кішкентай ұл баланың жүргенін байқап, оны бейнежазбаға түсіріп, ата-анасын табуға көмек сұраған болатын.
«Ақши база жақтан келе жатырмын. Жолда келе жатып, трассадан бала тауып алдым», - дейді бейнежазба авторы баланы көрсете отырып.
Сондай-ақ ол баладан ата-анасының қайда екенін сұрайды.
«Ана жақта», - деп бала жауап береді.
Бірақ бейнежазбада жақын маңда ешкімнің көрінбейтінін байқауға болады.