Қызметкерлер қару қолданып, күзет итін жаралауға мәжбүр болды
ERNUR.KZ. Енді ол қамалуы мүмкін, деп жазады elitar.kz.
2 мамырға қараған түні полиция қызметкерлері Кеңдала ауылына жергілікті отбасылық дауды басуға келген. Полицейге бағынғысы келмеген отағасы алабай тұқымды итін босатып жіберіп, өзі ол жерден бой тасалаған.
"Қызметкерлер қару қолданып, күзет итін жаралауға мәжбүр болды. Кеше ғана қылмыстық іздестіру қызметкерлері тәртіп бұзушының тұрған жерін анықтап, оны ұстап, полицияға жеткізді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізу Талғар аудандық полициясының тергеушілеріне тапсырылды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.
Айта кету керек, бұл жыл басынан бері полицейлерге қарай қабаған итті босатып жіберген екінші факт болып отыр.
"Жыл басында Текелі қаласында бультерьердің иесі тәртіп сақшыларынан жасырынуға тырысып, полицейлерге итін айтақтаған құқықбұзушылық оқиға тіркелген. Нәтижесінде ұсталған азамат сот шешімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - делінгін хабарламада.