ERNUR.KZ. Алматы қаласының Медеу ауданындағы саяжай алқабынан қару-жарақ табылды. Оқиға орнына аудандық полиция басқармасы мен полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы барды, деп жазады Zakon.kz.
Тексеру барысында полицейлер ИЖ маркалы тегіс ұңғылы мылтықты, тапаншаға ұқсас затты және 16-калибрлі алты оқ-дәріні тәркіледі.
"Қазір тәркіленген заттар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Мамандар қарудың қайдан шыққанын, кімге тиесілі екенін және қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайды". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Полиция азаматтарды қару немесе оқ-дәрі тауып алған жағдайда оларға қол тигізбей, дереу "102" нөміріне хабарлауға шақырады.


