Алматы тауларында адасып кеткен Ұлыбритания азаматы табылды

0
627

Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есебі жұмылдырылды.


Алматы тауларында адасып кеткен Ұлыбритания азаматы табылды

ТЖМ кинологтары адасып кеткен Ұлыбритания азаматын құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Бүгін Алматы облысының Ақтас үстірті ауданындағы таулы аймағында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іздестіру жұмыстары барысында адасқан Ұлыбритания азаматын тапты. Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есебі жұмылдырылды. Жоғалған адамға медициналық көмек қажет болған жоқ", - делінген хабарламада.