Алматы тауында ТЖМ құтқарушылары жарақат алған Израиль туристін эвакуациялады

0
118

Туристік топтың бір қатысушысы Пионер шыңынан түсіп келе жатқанда аяғын жарақаттап, өздігінен қозғала алмай қалған.


Алматы тауында ТЖМ құтқарушылары жарақат алған Израиль туристін эвакуациялады

фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Алматы тауында ТЖМ құтқарушылары жарақат алған Израиль туристін эвакуациялады, деп жазады tengrinews.kz.

Туристік топтың бір қатысушысы Пионер шыңынан түсіп келе жатқанда аяғын жарақаттап, өздігінен қозғала алмай қалған. Оқиға орнына "Тұйық-Су" бақылау-құтқару постының құтқарушылары шықты.

"Жарақат алған туристің жағдайы тұрақты деп бағаланғанымен, оның оң аяғы қатты ауырған. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, таудың етегіне дейін жеткізді", – деді ТЖМ өкілдері.

35 жастағы Израиль азаматшасы медициналық бригадаға тапсырылды. Дәрігерлердің айтуынша, оның өкше сүйегі сынған.

Бұған дейін Алматы тауында құтқарушылар 49 жастағы Словакия туристіне көмек көрсеткен болатын.