Кіші Алматы өзенінінің бассейнінде 19 ақпан күні де қар көшкіні қаупі сақталады.
ERNUR.KZ. Құтқарушылар Алматы тұрғындарына «Шымбұлаққа» бару қауіпті екенін ескертті. Бұл аймақта қазір тау басындағы қарды түсіру жұмыстары жоспарланып отыр, деп жазады holanews.kz.
2020 жылдың 19 ақпанында «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қар массасын түсіруді жоспарлап отыр. Төтенше жағдайларды болдырмау үшін департамент алматылықтар мен қала қонақтарына тауға шықпауға кеғес береді», - делінген хабарламада.
Құтқарушылар курорт әкімшілігінен жолдардың ашықтығы туралы ақпаратты нақтылау керектігін айтты.
Сондай-ақ, Алматы тауларында қар жамылғысы қалың әрі биік болуына байланысты Кіші Алматы өзенінінің бассейнінде 19 ақпан күні де қар көшкіні қаупі сақталады.
«Көшкін жүру қаупіне байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыздар!»,– делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Айта кетсек, 18 ақпанда Алматыға қалың қар жауған болатын.