Марқұм соңғы уақытта күйзелісте жүрген көрінеді.
Фото: Алматы ПД
ERNUR.KZ. Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы жер үйден суицид жасаған ер адамның мәйіті табылды. Оның ауыр әрекетін ең алдымен көршісі көрген екен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Алматы қаласының полиция департаменті қылмыс орнынан видео таратып, мәлімет берді.
«Алматының Түрксіб ауданындағы жер үйден ер адамның мәйіті табылды. Алғаш болып күмәнді сұлбаны терезеден көршісі байқап, дабыл қаққан. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы мен жедел топ жетті. Есікті ашқан полиция өз-өзіне қол жұмсаған ер адамның денесін тапты», - деп хабарлайды Алматы полициясы.
Тергеу өлімнің нақты себебін анықтаған жоқ, алайда, ер адамның ауыр күйзелісте жүргенін анықтаған. Полиция марқұмның қалай және кіммен өмір сүргенін анықтап, тергеу қорытындысын шығарады.


