Алматы ТЖД басшысы қызметінен кетті: ТЖМ себебін түсіндірді

0
113

Әлеуметтік желілерде Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев жұмыстан кету туралы арыз жазғаны туралы ақпарат пайда болды.


Алматы ТЖД басшысы қызметінен кетті: ТЖМ себебін түсіндірді

Нурлан Атыгаев. Фото:gov.kz

ERNUR.KZ. Желіде тараған ақпаратта бұған әл-Фараби даңғылы мен Назарбаев даңғылы қиылысында "Газель" көлігінде шыққан өртті сөндіру кезіндегі оқиға себеп болғаны айтылады, деп жазады tengrinews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде өртсөндірушілер Алматыда "Газель" маркалы көлікте шыққан өртті сөндіруге тырысқаны көрінетін видео тарады. Алайда олардың құралы жұмыс істемеген, әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, өрт сөндіруге су да болмаған. Видео авторы өртсөндірушілердің дайындық деңгейіне күмән келтірген еді.

Кейін Алматы ТЖД өртсөндірушілер жеткеннен кейін 6 минуттан соң өрт сөндірілгенін мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, өртті тіркеген кезде көлікті толық жалын шарпыған, бұл хабарлама кеш түскенін, жүргізушінің өртті өз бетінше сөндіруге тырысқан болуы мүмкін екенін көрсеткен.

ТЖМ мәліметінше, Алматы ТЖД басшысының қызметінен босатылуы басқа себептерге байланысты.

"Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті құрылымындағы кадрлық өзгерістер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған ақпаратпен байланысты емес екенін хабарлаймын. Тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймыз", - деді Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Динара Нұрғалиева.