Алматыда 1 маусым күні балалар метромен тегін жүре алады.
ERNUR.KZ. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы метросында балалар үшін жол жүру тегін болады, деп жазады sputnik.kz.
Метрополитеннің хабарлауынша, 1 маусым күні Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар метромен тегін жүре алады.
Бастама мейрам күні балалары бар отбасыларды қолдауға бағытталған. Метрополитеннің ашылған сәтінен бастап және станциялар жабылғанға дейін күні бойы тегін жол жүруге болады.