Жасөспірімдер Сайран көлінен аулап әкелген шикі балықты баланың аузы мен құлағына тыққан.
Фото: cppmsp59.ru
ERNUR.KZ. Алматыда 11 жастағы баланы қорлап, ұрып-соқты деген жасөспірімдердің ата-аналарына айыппұл салынды, деп жазады inbusiness.kz.
Жәбір көрген баланың анасының айтуынша, 13–14 жастағы жасөспірімдер бір айдан астам уақыт бойы ауладағы балаларды қорқытып, күш көрсеткен. Олар оның ұлын ішінен және бүйрегінен ұрып, балағаттаған. Көлден ауланған шикі балықты баланың аузы мен құлағына тыққан.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысушылар анықталып, жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізілген.
– Материалдар Алмалы ауданы әкімдігі аппаратының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясында қаралды. Соның нәтижесінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшіжлік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.


