Алматыда 29 базар карантинге жабылды

0
762

Қалада 3 378 азық-түлік дүкені жұмыс істеп тұр. Басқа тауарлар сататын 2 263 дүкен карантинге жабылды.


Алматыда 29 базар карантинге жабылды

ERNUR.KZ. Алматыда азық-түлік базарлары мен әмбебап базардағы азық-түлік қатарлары жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Қалада қазір 52 базар тіркелген, оның ішінде алты базар штат режимінде жұмыс істейді. Олар – "Жұлдыз","Барыс-4", "Берекем, "Қарасу", "Саудакент", "Ақ-Бұлақ" базары.

Сондай-ақ, қалада 17 әмбебап базар жұмыс істеп тұр. Ол жерлерде азық-түлік қатарынан басқасы жабылады. Олар "Тастақ", "Кәрім", "Ақсай-3", "Арыстан", "Сарыарқа", "Орбита", "Айнабұлақ", "Сәлем", "Верненский", "Көк базар", "Таусамалы", "Барлық", "Мехриниса", "Түрксіб","Керуен", "Алматы-1", "Жетісу-Семиречье" базары.

"Қалада 29 базар карантинге жабылды. "Арлан", "Кенжехан", "Қазына", "Өжет", "Үш-Қоңыр", "Ақбұлақ", "Алатау", "Еуразия", "Саяхат", "Азия", "Сауран", "Жібек-Жолы", "Тұлпар", "Тигрохауд", "Алатау-1" , "Дәстүр", "Олжа", "Юпитер", "Байсат", "Рахат КЗ", "Ялан-2", "Батыр", "Рахат", "Барыс", "Нұрсат","Ақ-бұлақ", "Бахар", "Үміт", "Алтай" секілді азық-түлік сатылмайтын базарлар карантинге жабылды", – делінген ақпаратта.

Алматыдағы 24 сауда және ойын-сауық орталығы, 38 сауда орталығы, 58 сауда үйі жұмысын тоқтатты. Олардың аумағында орналасқан дәріхана, азық-түлік дүкендері жұмысын жалғастырады.

Қала бойынша 3 378 азық-түлік дүкені жұмыс істеп тұр. Азық-түлік сатпайтын 2 263 дүкен карантинге жабылды.