Алматыда 47 оқушы ауруханаға жатқызылды

0
158

Мектеп-интернаттағы тағы 8 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынған


Алматыда 47 оқушы ауруханаға жатқызылды
фото: Sputnik / Абзал Калиев
ERNUR.KZ. Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға түсті, деп жазады sputnik.kz.
Ведомствоның мәліметінше, балалар 2026 жылдың 12-13 қазаны аралығында Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.
"Мектеп-интернаттағы тағы 8 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынған", - деп жазылған хабарламада.
Оқиғаға байланысты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысымен мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды.
Қазіргі уақытта мамандар тексеру жүргізіп, зертханалық зерттеулер үшін сынамалар алды.