5G желісі Алматыда қазір белгілі бір аймақтарда ғана қолжетімді.
ERNUR.KZ. Бұл туралы брифинг барысында қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
Басқарма басшысының сөзінше, мемлекет тестілеуге арналған жиілік диапазонын ұлғайтуға мүмкіндік берген. Ал ары қарай желі ұстайтын аумақты кеңейту ұялы байланыс операторларының қолында.
«Егер тұтынушыға трафик көлемін одан әрі арттыру қажет болса, ол байланыс операторларына жүгінеді. Бүгінгі күні біз Smart Point, Медеу, Шымбұлақ, Көктөбе, «Кәусар» бизнес орталығы және халық көп жиналатын тағы екі нүктеде 5G желісін сынақтан өткіздік», - деді ол. Ол сондай-ақ 5G денсаулыққа зиян деп санайтын тұрғындарға жүгінді «Шын мәнінде, біз енгізіп жатқан жаңа технологиялар барлық талапқа сай. Міндетті түрде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес болуын қадағалаймыз», - деп қосты ол.