Алматы анасы коронавирусқа қарсы екпе алған жаңа туған нәрестелердегі антидене тексеріледі.
ERNUR.KZ. Бұл туралы мегаполистің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев хабарлады, деп жазады baq.kz.
Алайда ол үшін ата-анасының келісімі қажет. Соңғы мәліметтер бойынша, дүние есігін ашқан 11 нәрестенің анасы босанғанға дейін Pfizer вакцинасын салдырған. Сәбилерде ешқандай ауытқушылық байқалмаған.
Жаңа туған нәрестелердегі антидененің мөлшерін зерттеу үшін қан алуды жоспарлап отырмыз. Бірақ ол үшін ата-аналардың келісімі қажет. Біз бала қан алған кезде стрестік жағдайды бастан өткермес үшін кіндіктен қан ала аламыз. Сондықтан егер ата-анасы келіссе, жаңа туған баланың қаны арқылы антидененің мөлшерін анықтай алатын әдістеріміз бар, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар ол балаларда антидене қанша уақыт сақталатындығы әлі толықтай зерттелмегенін алға тартты. Антидене 3 айдан 4 айға дейін сақталатындығы туралы деректер бар.
Америкада жүргізілген зерттеулер екпе алған аналардан туған нәрестелерде ешқандай ауытқушылықтар болмағанын көрсетті. Ананың қаны арқылы балаға белгілі мөлшерде антидене беріледі деген дерек бар. Бұл дәлелденген нәрсе. Вакцина тек анасын ғана емес, сәбиді де қорғайды, - деді Нариман Табынбаев.