Алматыда анасы Сайран көліне батырмақ болған үш бала құтқарылды

0
640

Балалардың кішісі 1 жас 2 айда болса, қалған екеуі – 3 және 4 жаста.


Алматыда анасы Сайран көліне батырмақ болған үш бала құтқарылды

ERNUR.KZ. Алматыда анасы Сайран көліне батырмақ болған үш бала құтқарылды. Балалардың кішісі 1 жас 2 айда болса, қалған екеуі – 3 және 4 жаста. Бұл туралы Алатау ауданы "Бақытты отбасы" орталығының басшысы және "AG-alem аналардың құқықтарын қорғау" қоғамдық қорының басшысы Ақмарал Басирова мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

"Отбасы Алатау ауданында үш бөлмелі пәтер жалдап тұрады. Жұбайы Заречныйда (Алматы облысы) түрмеде жұмыс істейді. Көршілер балалардың әкесі туралы жақсы пікірде. Ал анасы туралы тек теріс пікір айтылды. Олар балаларға бірінші рет қастандық жасамаған екен", – дейді Ақмарал Басирова.

Құқық қорғаушының айтуынша, балаларды құтқарған жастар жедел жәрдем шақырып, №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасына алып кеткен.

Қамқоршылық органдары мен Басированың аналарды қолдау орталығы әйелді мәжбүрлеп емдеуге жіберуді талап етіп отыр.