Жамбыл ауданынан Алматыға беттеген белгісіз ақ көлікте қызын қалдырып кеткен ана кейін іздеу салған.
ERNUR.KZ. Алматы полиция департаменті Жамбыл ауданынан Алматыға бағыттаған таксиде анасы қалдырып кеткен 4 жастағы қыздың табылғанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Бұған дейін Қалмақбай Мәрмәр есімді 4 жастағы қызға іздеу салынғаны хабарланған еді.
Алматы қаласының полиция департаменті бүлдіршіннің табылғанын мәлімдеді.
“Бала аман-есен табылды. Ата-анасына тапсырылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – деді ведомство.
Еске салсақ, Жамбыл ауданынан Алматыға беттеген белгісіз ақ көлікте қызын қалдырып кеткен ана кейін іздеу салғаны туралы хабарлаған болатынбыз.