Жаңа туған нәрестені Алмалы ауданының Райымбек даңғылы бойындағы арыққа тастап кеткен.
ERNUR.KZ. Алматыда арыққа жаңа туған нәрсетені тастап кеткен, абырой болғанда сәби аман, деп жазады ҚазАқпарат.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 01:00-дер шамасында Алматы тұрғынынан арықтан бала тауып алғаны туралы хабар түсті.
Белгілі болғандай, жаңа туған нәрестені Алмалы ауданының Райымбек даңғылы бойындағы арыққа тастап кеткен. Куәгер оқиға орнына дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған. Бала бірден ауруханаға жеткізілді.
«Қазіргі уақытта Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі баланың биологиялық анасының орналасқан жерін анықтау және полицияға тапсыру үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде»,– делінген Полиция таратқан ақпаратта.