Алматыда аурухана маңынан жалаңаш әйелдің мәйіті табылды

0
333

Полиция табылған мәйіттің тексеріліп жатқанын хабарлады.


Алматыда аурухана маңынан жалаңаш әйелдің мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Алматы қаласындағы №1 қалалық клиникалық аурухананың жанынан жалаңаш әйелдің мүрдесі табылды, деп жазады stan.kz.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы №1 қалалық клиникалық аурухананың маңынан киімсіз әйелдің денесі жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция табылған мәйіттің тексеріліп жатқанын хабарлады.

Полицияның хабарлауынша, зорлық-зомбылық белгілері жоқ адамның денесі табылғаннан кейін қылмыстық іс қозғалған.

Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.