Алматыда автотұрақтағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

0
109

Тұрғын үй кешенінің тұрғындары арасындағы жанжал кезінде қатысушылардың бірі екі қарсыласына пышақ жарақатын салған.


Алматыда автотұрақтағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде түсірілген видео тарады. Кадрларға ер адамдар арасындағы жаппай төбелес түсіп қалған. Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Желіде тараған видеода алдымен екі ер адамның сөйлесіп тұрғаны көрінеді, кейін оларға тағы онға жуық адам қосылады. Бір сәтте кадрда қара костюм киген ер адам пайда болып, топқа жақындайды да, бірнеше секундтан кейін жаппай төбелес басталады.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, тұрғын үй кешенінің тұрғындары арасындағы жанжал кезінде қатысушылардың бірі екі қарсыласына пышақ жарақатын салған. Жарақат алғандарға медициналық көмек көрсетілген.

"Әуезов ауданының полиция басқармасы суық қару қолданылған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер анықталды", – делінген полиция хабарламасында.