Алматыда балаларды ұрып-соққан әйел видеоға түсіп қалды

0
559

Әйел бір баланы ұстап алып, құлағына шыңғырады.


Алматыда балаларды ұрып-соққан әйел видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында белгісіз бір әйел балаларға шабуыл жасады, деп жазады Tengrinews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, әйел бір топ жасөспірімге жүгіріп барып, былапыт сөздермен айғайлай бастаған. Не болып жатқанын балалардың өзі телефон камерасына түсірген. Осыдан кейін әйел қолында ұялы телефон ұстаған балаға да шабуыл жасайды.

Полиция өкілдері әйелді әкімшілік жауапқа тартқанын мәлімдеді.

Ztb.kz ақпараты бойынша, оқиға 16 мамырда кешке Думан-2 шағынауданында "МеркурГрад" ТК 29 үйінің маңында болған.

"Балалар ойнап жүріп бір-бірімен дауласып қалады, сол кезде бейтаныс әйел балаларға шабуыл жасап, айғайлап, былапыт сөздер айтып оларды № 27 үйдің маңындағы тірек пунктіне апаратынын айтып қорқыта бастайды. Содан кейін ол бір баланы ұстап алып, құлағына шыңғырады, менің ұлым мұның бәрін түсіргісі келіп телефон камерасын қосады, бұған ол қатты ашуланып, жұдырығын сермейді, қолын тырнап, итеріп, телефонды алмақ болады", - делінген басылымда.