Алматыда белгісіз біреу баласын көтеріп тұрған әйелдің басына ауыр бөтелке лақтырып жіберген (ВИДЕО)

0
86

​Полиция қазір тергеу жүргізіп жатыр.


Алматыда белгісіз біреу баласын көтеріп тұрған әйелдің басына ауыр бөтелке лақтырып жіберген (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Алматыдағы «Ырысты» тұрғын үй кешенінің ауласында белгісіз біреу балконнан ішінде темір заттар бар бөтелкені жерге қарай лақтырып жіберген. Бұл қауіпті зат далада баласын көтеріп, арбасынан әлденені іздеп жатқан әйелдің басына құлап кете жаздаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Әйел учаскелік полиция инспекторына жүгінген, алайда кінәліні анықтау қиын болады деп қорқып отыр. Аталған факті бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және құқық бұзушының әрекетіне құқықтық баға беруге бағытталған кешенді шаралар қабылдамақ.

«Мұндай заңға қайшы әрекеттерге жол берілмейді және олар қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Әсіресе, кәмелетке толмаған баласы бар әйелге қатысты фактілерге жол беруге болмайды. Тексеру қорытындысы бойынша заңда көзделген барлық шара қабылданатынын атап өтеміз. Кім болса да жазадан бұлтара алмайды», - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.