Алматыда бір аптаға жуық уақыт бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды

0
87

2011 жылы туған жасөспірім 30 желтоқсанда Есенов көшесіндегі үйінен шығып, телефонын жөндетуге кеткен, бірақ үйіне оралмаған.


Алматыда бір аптаға жуық уақыт бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды

ERNUR.KZ. Алматыда бір аптаға жуық уақыт бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім табылды, деп жазады tengrinews.kz.

Не болған?

2011 жылы туған жасөспірім 30 желтоқсанда Есенов көшесіндегі үйінен шығып, телефонын жөндетуге кеткен, бірақ үйіне оралмаған. Сол кезде Алматы Полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың жоғалу дерегі бойынша іздестіру ісін қозғаған.

Жасөспірім табылды

"Қоғам" жасағының мәліметінше, жасөспірім 5 қаңтарда кешке табылған.

"Қоғам" отряды жеделдік пен кәсібилік танытқан полиция қызметкерлеріне, сондай-ақ жанашырлық танытып, белсенді қатысып, қолдау көрсеткен еріктілерге және бейжай қалмаған әрбір адамға шынайы алғысын білдіреді", – делінген хабарламада.

Басқа мәліметтер хабарланбаған.