Алматыда бітіру кешінде "дипломын жыртқан" түлек 5 тәулікке қамалды

0
96

Дипломын жыртқан бейнежазба кеңінен таратып, колледж түлегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Алматыда бітіру кешінде

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok платформасында қоғамда қызу талқыға түскен видеоны анықтаған, деп жазады inbusiness.kz.

Бейнежазбада Алматыдағы жекеменшік колледждердің бірін тәмамдаған түлек диплом табыстау рәсімінен кейін көпшілік алдында диплом мұқабасына ұқсас затты жыртып тастаған.

Тексеру кезінде түлектің дипломының түпнұсқасы, оған қоса берілген қосымшасы және оқу орны табыстаған ресми мұқабасы бүлінбегені белгілі болды. Видеоны түсіру үшін алдын ала дайындалған диплом мұқабасының көшірмесі пайдаланылған.

Соған қарамастан бейнеролик жеіле кеңінен тарап, қолданушылар арасында түрлі пікір туғызған. Бұл жағдай полицияның тексеру жүргізуіне негіз болды.

Тексеру қорытындысы бойынша бейнежазба авторы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот түлекті ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Полицияда әлеуметтік желілерде қолданушыларды жаңылыстыратын немесе қоғамдық тәртіпті бұзатын контент жариялау Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін еске салды.