Алматыда бойжеткен 19-қабаттан секіріп кетті

0
635

Суицидке барған В.есімді арудың жасы 23 те болған.


Алматыда бойжеткен 19-қабаттан секіріп кетті

ERNUR.KZ. Алматыда бойжеткен 19-қабаттан секіріп кетті, деп жазады baq.kz.

Аяқ киімі мен телефонын қалдырып, 19-қабаттан секірген бойжеткеннің өлімін қазір полиция тергеп жатыр. Көп қабатты тұрғын үй кешеніне қыздың қалай келгені, балконға қалай көтерілгені бақылау камерасына түсіп қалған.
Бойжеткен сағат 13:50 шамасында тұрғын үй кешенінің 19-қабатынан секірген. Оқиға орнына полиция он минутта жеткен. Мәйіт жатқан жерге құм сеуіп тастаған. Ал бақылау камерасына жауапты мамандардың айтуынша, марқұм Брусловский көшесі жағынан келіп, есіктегі құпия сөзді жазып, ары қарай жеделсатымен жоғары көтерілген.
Жеделсатыдағы камераны да қарап шықтық. Жалғыз өзі көтерілген. Дәлізге қалай кіргенінен бастап бәрі анық көрінеді. Бұл үйдің тұрғыны ма, әлде сырттан келген бе, ол жағын білмедік, - дейді бақылау камерасына жауапты маман Тахир Шынболатов.
Полицияның мәліметінше, суицидке барған В.есімді арудың жасы 23 те болған. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен іс қозғалды.
Алматы полиция департаменті аталған деректі Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр, - дейді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.