Үш күн бойы жатқан, егеуқұйрықтар тістелеп тастаған.
ERNUR.KZ. Алматыда бос тұрған ғимараттан нәрестенің денесі табылды, деп жазады tengrinews.kz.
Бұл туралы алматылық Андрей Андреев Facebook желісіндегі парақшасында жазған.
Оның айтуынша, Сайран көлінің аумағында бос қалған ғимараттардың бірінен сәбидің денесі табылған.
"Үш күн бойы жатқан, егеуқұйрықтар тістелеп тастаған дейді. Жартқыштың өзі баласы үшін өлімге барады, ал адамдар баласын өлімге оңай тастап жүре береді", - деп жазды ол.
Алматы ПД өкілдері осы ақпаратты растады.
"Осы дерекке қатысты Алмалы аудандық полиция басқармасының бөлиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Жедел-тергеу тобы құрылды, олар нәрестенің анасын таяу уақытта табады және баланың қандай жағдайда қайтыс болғанын анықтайды", - дейді полицейлер.