2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ботаникалық бақтың кіру билеттерінің бағасы өсті.
Фото: Kazinform/ИИ
ERNUR.KZ. Алматының Бас ботаникалық бағы қысқы жұмыс кестесіне ауысты, деп жазады inform.kz.
— Күндізгі жарық уақытының қысқаруына байланысты ботаникалық бақ қысқы жұмыс кестесіне көшеді .15 қазаннан бастап ботаникалық бақ сағат 09:00–ден 18:00–ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00–15:30. Әр айдың бірінші дүйсенбісі санитарлық күн екенін еске саламыз, — деп хабарлады ботаникалық бақ баспасөз қызметі.
Биыл 1 сәуірден бастап Алматының ботаникалық бағы жазғы жұмыс кестесіне көшкен болатын. Ол бойынша мекеме қала тұрғындары мен қонақтарын таңғы сағат 9:00–ден 20:00–ге дейін қабылдады.
Еске салайық, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ботаникалық бақтың кіру билеттерінің бағасы өсті.


