Алматыда екі жаңа метро станциясын салуға 22 млрд теңге бөлінеді

0
1 079

Қаржы 2020-2021 жылдарғы республикалық бюджеттен қарастырылған.


Алматыда екі жаңа метро станциясын салуға 22 млрд теңге бөлінеді

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Алматыда «Сарыарқа» және «Достық» метро станциясын салуға республикалық бюджеттен 2020-2021 жылдары 21,9 млрд теңге бөлінді, деп жазады inbusiness.kz.

«Екі станцияның құрылысына республикалық бюджеттен 21,9 млрд теңге қарастырылды. Сонымен қатар, республикалық бюджетті қайта қарау бойынша жыл соңына дейін игерілетін қосымша 2 млрд теңге көзделді»,-делінген ведомства таратқан хабарламада.

Жалпы «Мәскеу» бекетінен «Достық» станциясына дейінгі аралықты қамтитын екінші өткізу кешенінің бірінші желісін салу құны 68,1 млрд теңгені құрайды. 2013 жыл мен 2019 жыл аралығында 43,6 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Оның 35,9 млрд теңгесі республикалық бюджеттен. Алдын ала болжам бойынша «Сарыарқа» мен «Достық» станцияларының құрылысы 2021 жылы аяқталады.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы метрополитенінің бірінші желісі 2011 жылы 1 желтоқсанда пайдалануға берілсе, оның екінші желісі 2015 жылы сәуір айында іске қосылды. Алғаш пайладануға берілген бұл желілер «Райымбек», «Жібек-Жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «М.Әуезов атындағы драма театры», «Алатау», «Мәскеу» және «Сайран» станцияларының басын біріктіреді және жалпы қашықтығы 11,33 киллометрді құрайды.