Алматыда электронды жол белгісі пайда болды

0
950

Тәуліктің қай уақытында қандай белгіні қосу керектігі бағдарлама кешені арқылы шешіледі.


Алматыда электронды жол белгісі пайда болды

ERNUR.KZ. Электронды табло таңғы уақытта кептелістен көз ашпайтын Талғар тас жолы мен Хан Тәңірі көшесінің қиылысында орнатылды, деп жазады zakon.kz.

Қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша, қиылыстағы кептелісті азайту мақсатында сағат 6:00-ден 11:00-ге дейін таблода тек тіке жүруге мүмкіндік беретін 4.1.1 белгісі, ал 11:00-ден 6:00-ге дейін тіке және солға жүруге арналған 4.1.5 белгісі көрсетіледі.

Тәуліктің қай уақытында қандай белгіні қосу керектігі бағдарлама кешені арқылы шешіледі. Сондай-ақ таблоның жұмыс режимін көшедегі кептеліске байланысты трафикті автоматты басқару жүйесі реттейді.

Егер бұл тәжірибе жақсы нәтиже көрсетсе, оңтүстік астананың өзге жол қиылыстарында да осындай белгі қойылуы мүмкін.