Алматыда ер адам автобуста телефонмен қатты сөйлескен әйелді ұрып жіберді (видео)

0
409

Видеодан ер адамның әйелді бетінен шапалақпен ұрғаны көрінеді.


Алматыда ер адам автобуста телефонмен қатты сөйлескен әйелді ұрып жіберді (видео)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде ер адамның автобуста телефонмен қатты сөйлескен әйелді ұрып жіберген сәттегі видеосы тарады, деп жазады stan.kz.

Мәліметтерге сенсек, оқиға қаладағы №126 қоғамдық көлігінде болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам жолаушы әйелге ескерту жасағанымен, қалаған жауабын ала алмаған. Содан кейін оның жағасынан ұстап, көліктен шығарып жіберуге тырысқан. Әйел қарсылық көрсетіп, ер адамды итеріп жіберген, осы үшін соққы алған.

Сонымен қатар видеодан ер адамның әйелді бетінен шапалақпен ұрғаны көрінеді.

"Сен неге маған қолыңды көтересің. Бақылаушымын, маған бәрібір", – деп әйелге қол көтерген ер сөйлейді.

Ал әйел оған "Басың істей ме? Неге күшіңізді қолданып жатырсыз? Мұндай әрекетіңіз сізге қайта айналып келеді. Аллам бәрін көріп тұр" деп айтып, қатты жылағаны естіледі.

Ер адам, керісінше, кешірім сұраудың орнына әйелден сыртқа шығуды талап етіп, әңгімені қайта жалғастыруды сұрайды. Соныңда келіспей қалған әйел мен ер адам полицияға барып, мән-жайды анықтауға тырысқан.


Еске салайық, бұған дейін Алматыда қолына пышаққа ұқсас зат ұстаған ер адамдар автобус жүргізушісімен төбелескенін жаздық. Куәгерлердің хабарлауынша, оқиға 21 қазанда таңертең Назарбаев даңғылында болған. Куәгер ер адамның автобустың жабық есіктерін тепкенін, содан кейін жүргізуші жүгіріп шығып, оны ұра бастағанын айтты. Бірнеше минуттан кейін ер адам пышақ тәрізді затты алып, жүргізушіге қауіп төндіре бастаған.