Тексеріс нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.
ERNUR.KZ. Алматыдағы "Молл Апорт" сауда орталығында тексеру жұмыстары сәтті аяқталды. Ғимараттан ешқандай жарылғыш зат табылмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сауда орталығын тексеру жұмыстары аяқталды.
Сауда орталығы жұмысын штаттық режимде қайта бастады.
Айта кетейік, бүгін Алматыда Райымбек даңғылында орналасқан "Молл Апорт" сауда ойын-сауық орталығының қызметкерлері мен келушілері эвакуацияланды.