Алматыда қамыс арасындағы көлік ішінен ер адамның денесі табылды

0
124

Марқұмның кім екені анықталды.


Алматыда қамыс арасындағы көлік ішінен ер адамның денесі табылды
Фото: Kazinform
ERNUR.KZ. Алматының Түрксіб ауданындағы саябақ маңындағы қамыс арасынан Toyota маркалы автокөлік пен бейтаныс адамның денесі табылды, деп жазады inform.kz.

Оқиға 27 тамызда түнде болған. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Алматы Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты Kazinform.kz тілшісіне түсінік берді.
Ведомствоның мәліметінше, марқұмның кім екені анықталды.
– Зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Материалдар Түрксіб аудандық полиция басқармасының өндірісінде, - делінген хабарламада.
Өлімнің нақты себебін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалған.