Жүргізуші заттарды қайдан алғанын түсіндіре алмаған.
ERNUR.KZ. Алматыда полицейлер қаруланған ер адамды ұстады, деп жазады inbusiness.kz.
"Боран-015" патрульдік бригадасының қызметкерлері "Өжет" шағын ауданында Kia көлігін тоқтатты.
Полицейлерді көрген жүргізуші абыржи бастаған. Көлікті тексергенде ішінен оқтары бар травматикалық тапанша табылды.
Жүргізуші бұл заттарды қайдан алғанын түсіндіре алмады.
Арнайы сараптама тағайындалды.