Алматыда қаза болған екі оқушыға қатысты тың дерек шықты

0
371

Қайтыс болған қыздардың бірі танымал эко-сарапшы Евгений Мұхамеджановтың қызы екені анықталды.


Алматыда қаза болған екі оқушыға қатысты тың дерек шықты

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Алматыда шатырдан құлап, сол жерде қаза тапқан екі оқушының бірі - белгілі экологтың қызы екені анықталды, деп жазады ulysmedia.kz.

Алматыда жан түршігерлік қайғылы оқиға орын алды. Екі оқушының денесін тұрғын үй кешенінің бірінен жергілікті тұрғындар тапқан. Алдын ала ақпарат бойынша, қыздар көпқабатты ғимараттың төбесінен құлаған.

Оқиғаның себебі әлі белгісіз, бірақ қайтыс болған қыздардың бірі эко-сарапшы Евгений Мұхамеджановтың қызы екені анықталды.

Біздің қызымыз қайтыс болды. Шатырдан құлады. Бұған дейін қала бойынша көптеген баланың шатырдан құлағаны белгілі. Біз оқиғаның видеосын күтеміз. Қаладағы үйлердің шатырына шығу ашық-шашық жатыр, - деді ол Ulysmedia-ға.

Евгений Мұхамеджанов — Қазақстандағы танымал эко-сарапшы, ECO Network жобасының негізін қалаушы және азаматтық белсенді.