Алматыда кішкентай баланы көлік бар жылдамдықпен соғып кетті (видео)

0
849

Жол жиегінде тұрған балалардың бірі қарсы бетке өту үшін жүгіріп шыққанын Subaru көлігі байқап үлгермеген.


 Алматыда кішкентай баланы көлік бар жылдамдықпен соғып кетті (видео)

ERNUR.KZ. Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы "Лимон" дүкеніне қарама-қарсы Постышев көшесінде бес жасар баланы қағып кетті. Оқиғаның бейне жазбасы желіде желдей тарауда, деп жазады Stan.kz.

Зардап шеккен бүлдіршін балалар травматологиясына жеткізілді. Онда оның өмірі үшін дәрігерлер күресуде. Полиция оқиғаның видеосын зерттеп жатыр. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бейнебақылау камераларындағы жазбада екі кішкентай баласы бар әйелдің жол жиегінде тұрғанын көруге болады. Кенеттен бала жолға жүгіріп шыққан. Сол сәтте жүйіткіп келе жатқан Subaru көлігі оны қағып кетеді. Ал жүргізуші баланың жолға шығып кеткенін байқап үлгенрмегенін айтуда.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала ауыр жарақат алып, жедел жәрдем бригадасы ауруханаға әкетті. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.

Алматы полициясы ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Жексенбі, 25 Қазан, 2020 12:31