Алматыда қонақүйде өз баласын өлтірген ұлыбританиялық мәлімдеме жасады

0
580

Қылмыстық процесс онлайн форматта өтіп жатыр.


Алматыда қонақүйде өз баласын өлтірген ұлыбританиялық мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Алматыда қонақүйде қызын өлтірді деген күдікті Мохаммед Баракат сотта айыптаулармен келіспейтінін мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Қылмыстық процесс онлайн форматта өтіп жатыр. Сотталушы Мохаммед Баракат сотқа аудармашысымен бірге тергеу изоляторынан ZOOM бағдарламасы арқылы қатысып жатыр. Сондай-ақ отырысқа сотталушы мен жәбірленуші тараптың адвокаттары қатысты.

Кезекті отырыстардың бірінде айыпталушы аудармашының көмегімен соттағыларға үндеу жасады.

"Құрметті сот, мен берген айыптау құжатымен толық келіспеймін. Прокурордың тергеу барысында дәлелдемелер таппаған осы айыптаулардың мазмұнын, атап айтқанда, қандай негіздерде және қандай себептермен тағылғанын түсіндіргенін қалаймын", - деді ол соттағыларға.

Сондай-ақ, айыпталушы тіл білмеуіне байланысты кей құжаттың мазмұнын түсінбейтінін айтты.

"Мен басқа елдемін, менде қажет құжаттар жоқ. Не болып жатқанын түсінбеймін. Мен Ұлыбритания азаматымын және орыс тілін білмеймін. Ағылшын тілінде түсіндіре алатын адамдар да жоқ. Проблемалар көп, кей құжатты аудармасыз алдым. Сотқа дейінгі тергеу барысында мен заңды құқықтарымды білмейтінімді және оның түсіндірілмегенін бірнеше рет айтқан болатынмын", - деді ол.

Айта кетейік, кезекті сот отырысы келесі аптада өтеді.

Еске салайық, оқиға былтыр 24 қазанда InterContinental қонақүйінде болған еді. Таңғы сағат 06:00-де фойеде әйелдің қатты айғайлап жылағаны естілген. Кейін оның күйеуінің баланы қылғындырып өлтіргені анықталды.

Бас жарақаттарын алған қызды құтқару мүмкін болмаған. Күдікті - Лондонда туған 41 жастағы Мохамед Баракат, Hong Kong Air Cargo әуе компаниясының ұшқышы.