Алматыда көшкін кезінде із-түссіз жоғалған отбасыға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

0
449

Көшкін кезінде жоғалып кеткен балалар егіздер болған.


Алматыда көшкін кезінде із-түссіз жоғалған отбасыға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

ERNUR.KZ. 2024 жылдың 8 ақпанында төтенше жағдай болған жерге келген Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин Алматыда көшкін кезінде жоғалып кеткен отбасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп жазады zakon.kz.

Журналистер көшкін кезінде жоғалып кеткен балалар (ұл мен қыз) туралы не белгілі екенін сұрады.

"2007 жылы туған егіздер... Олар бүгін мектепке келмеді, олар Медеу ауданындағы 48 мектептің оқушылары", - дейді Еркебұлан Оразалин.

Оның айтуынша, мектеп директоры төтенше жағдай орнында.

"Түнде біз ішкі істер бөлімі арқылы ата-ананың, яғни анасы мен өгей әкесінің ұялы телефондарын биллингтік байланыс арқылы тексердік. Ол ұялы телефондардың осы мекен-жайда орналасқанын көрсетті, сигнал өтпейді."Еркебұлан Оразалин

Бұған дейін Алматының Медеу ауданында төтенше жағдай орын алған жерден 2007 жылы туған жасөспірімнің мәйіті табылғаны хабарланған болатын. Апат болған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.