Бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ERNUR.KZ. Алматы полициясы курьерден ұрланған тапанша мен оқтар тәркіледі, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
44 жастағы ер адамнан тапанша мен 17 оқ тәркіленді. Мопедке мінген екі ер адамды Талғар күре жолы бойындағы полиция экологиялық бекетінде тәртіп сақшылары тоқтатқан.
«44 және 41жастағы азаматтардың курьерлік сөмкелерін тексеру барысында Grand Power тапаншасымен әртүрлі 17 оқ әшкереленіп, тәркіленді. Алдын ала тексеру барысында аталған қарудың газды тапанша екендігі және травматикалық оқпен атылатындығы анықталып, кейінірек қарудың ұрланғандығы да белгілі болды. Аталған дерек сот алды тергеу тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-тармағы бойынша тіркелді. Ұсталған күдіктілердің біреуі бұрын да бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталғандығы белгілі болды. Бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс барысында сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 1бөлігі 3-тармағы және ҚР ҚК-нің 19-бабына сәйкес сот шешімі шыққанға дейін кез келген азамат кінәсіз деп танылады.