Алматыда құжатсыз жұмыс істеген базардың орнына демалыс аймақтары салынады

0
144

Сонымен бірге бұрынғы базар аумағының бір бөлігі автотұраққа айналмақ.


Алматыда құжатсыз жұмыс істеген базардың орнына демалыс аймақтары салынады

Фото: 2gis.kz

ERNUR.KZ. Алматы қаласындағы бұрынғы "Рахат" базары рұқсатсыз жұмыс істеген. Сот шешімімен сауда нысаны босатылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, әмбебап базардағы "Рахат" "тиісті" рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген.

"Аумақты босату заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде жүзеге асырылды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін 150-ден астам кәсіпкер базар аумағынан көшті", – делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Саудагерлерге көршілес базарлардан жеңілдетілген шарттармен баламалы сауда орындары ұсынылды.

"Жұмыс барысында кәсіпкерлер сауда контейнерлерін өз бетінше шығарып, кейбір құрылымдарды бұзды. Қазіргі таңда босатылған аумақта көркейту жобасы әзірленіп жатыр", – деп хабарлады әкімдіктегілер.

Бұрынғы базардың орнына жоба аясында базар келушілері мен аудан тұрғындарына арналған көгалдандырылған, жайлы қоғамдық кеңістік пен демалыс аймақтарын салу жоспарланып отыр.

Сонымен бірге бұрынғы базар аумағының бір бөлігі автотұраққа айналмақ.