Алматыда мәйітхана күзетшісі некрофилия жасады деген күдікке ілінді

0
557

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.


Алматыда мәйітхана күзетшісі некрофилия жасады деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы ақпарат Telegram каналдардың бірінде пайда болды.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексiнің 314-бабы (Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу жалғасып жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.