Алматыда менингококктен 5 жасар бала көз жұмды

0
1 395

Бұл Алматыда менингококктен қайтыс болған бесінші оқиға


Алматыда менингококктен 5 жасар бала көз жұмды

Алматыда менингококктен 5 жасар бала көз жұмды, деп xабарлайды ERNUR.KZ tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматы қаласының қоғамдық Денсаулық сақтау Департаментінің басшысы Айзат Молдагасимова айтты.

"Иә, бүгін түнде тағы бір бала көз жұмды. Онда аурудың найзағайлы түрі болған. Бірнеше сағат ішінде қайтыс болды. Ол кешкілік сағат жетілер шамасында түсіп, түнгі екіде көз жұмды, - деді ол.

Департаменттің мәліметінше, бұл Алматы қаласында менингококкте көз жұмған бесінші оқиға.