Алматыда облысында жүргендер "зебра" емес, есек болып шықты

0
103

Бұған дейін жол бойында емін-еркін жайылған "зебралардың" видеосы көпшілікті таңғандырған еді.


Алматыда облысында жүргендер

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Түрген шатқалында түсірілген бейнеден зебраға өте ұқсас, десе де Қазақстанда кездеспейтін жануарлар төбе көрсеткен, деп жазады inbusiness.kz.

– Түрген маңында жолдан жүгіріп өтіп бара жатқан екі зебра көрдім. Таңданысымда шек болмады, – дейді видео авторы.

Алматы облыстық полиция департаменті Түрген шатқалындағы Асы үстірті бағытына апаратын жол бойында жүрген жануарлардың иесін анықтаған.

"Зебралардың" иесінің сөзінше, ол демалыс аймағына турист тарту үшін ақ есектерді бояп, уақытша зебра бейнесін жасаған.

– Алдын ала мәлімет бойынша, жануарлардың өмірі мен денсаулығына қауіп анықталған жоқ. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері болған оқиғаға құқықтық баға беру және жануарларға қатысты нормалардың сақталуын тексеру мақсатында тергеу жүргізіп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.