Сегіз нысан бойынша қоңырау келіп түскен.
ERNUR.KZ. Алматыда ғимараттардың қоршауға алынғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде бірінен кейін бірі жарияланып жатыр, деп жазады zakon.kz.
kris.p.online парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Жароков-Дунаевский көшелері қилысындағы Рамстор, сондай-ақ Алтынсарин-Шаляпин қилысындағы ғимарат та қоршауға алынған.
Қалалық полицияның хабарлауынша, сегіз нысан бойынша қоңырау келіп түскен.
Жаңа мәліметтер түсе салысымен жарияланатын болады.