​Алматыда тал түбінен табылған баланың әкесі: Мені мәжбүрлеп мойындатты

0
1 626

Балам жол апаты болды деді.


​Алматыда тал түбінен табылған баланың әкесі: Мені мәжбүрлеп мойындатты

ERNUR.KZ. Алматыда тал түбінен басы жарылған күйінде табылған 4,5 жастағы баланың әкесі Мұрат Асқароғлының ісі бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Сотталушы Мұрат Асқароғлы БАҚ өкілдеріне өзінің кінәлі еместігін айтып, ар-ұжданына нұқсан келтірмеуді өтінді.

«Өтінемін, менің абыройымды қалпына келтіруге көмектесіңіздер. Мен баламды ұрған жоқпын. Керісінше, олар менің баламды уайымдап, қайғыда жүрген кезімді пайдаланып олар (құқық қорғаушылар - ред.) маған белгісіз бірдеме берді. Үйден алдап алып шықты. Мына құжатқа қол қой деді. Мен баламды ұрмадым. Қандай әке баласын ұра алады? Балам жол апаты болды деді. Мен баламды әлі көрмедім. Ол мені сағынып жүр. Егер мен оған осылай қол көтерсем, ол мен туралы сұрар ма еді? Мен ол кезде жұмыста болдым. Оны растайтын адамдар да бар», - деді Мұрат Асқароғлы.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 16 шілде күні Одесская мен Брянская көшелерінің қиылысында болды. Тұрғындар тал түбінен 4 жасар баланы тауып алған. Бала шала-жансар күйінде шұғыл ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Алматы полициясы жантүршігерлік оқиғаға күдікті ретінде баланың әкесін ұстады. Мұрат Асқароглы өзінің кінәсін мойындап, қазақстандықтардан кешірім сұрады. Ер адам мастықтан есеңгіреп тұрғанда баласының қыңқыл-сыңқылын көтере алмай, таспен самайынан бір-ақ ұрған.

Қалалық мамандандырылған қылмыстық сот Мұрат Асқароғлын ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі және 99-бабының 2-бөлімі бойынша қамауға алған болатын.