Алматыда тәртіпсіздік кезінде жоғалған мүліктің құны қалай төленеді

0
750

Тәртіпсіздік кезінде жоғалған мүліктің құны мемлекеттік бюджеттен немесе «Күшіміз бірлікте» қорынан өтеледі.


Алматыда тәртіпсіздік кезінде жоғалған мүліктің құны қалай төленеді

ERNUR.KZ. Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде жоғалған мүліктің құны мемлекеттік бюджеттен немесе «Күшіміз бірлікте» қорынан өтеледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкім орынбасары залалды өтеу жоғалған мүліктің құнын төлеу немесе зардап шеккен адамдарға тиесілі бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстары арқылы жүзеге асырылатынын айтты. Жоғалған мүліктің құны мемлекеттік бюджеттен немесе «Күш бірлікте» қорынан өтеледі. Сонымен қатар оның мөлшерін өңірлік және Қордың комиссиясы анықтайды.

«Жергілікті атқарушы органдар мен Қор қызметтерді көрсету үшін бағалау және аудиторлық компаниялардың тізбесін алдын ала айқындайды және тізбені интернет-ресурста орналастырады. Бұл ретте мүлікке бағалау мен аудит жүргізуге, смета жасауға және бүлінген мүлікті қалпына келтіру шығындарын калькуляциялауға байланысты қызметтерге ақы төлеу әкімдікке немесе Қорға жүктеледі», - деді Ілияс Өсеров.